Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан көмір тиелген ресейлік 1700 вагонның қозғалысын бұғаттап тастады – фейк

Қазақстан, Ресей, темір жол, пойыз, ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 13:47 Сурет: pixabay
Медиа-кеңістікте Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті бұл хабарламалар шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат екенін ресми мәлімдеді.

Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген.

Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ. ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан және Ресей заңнамасында да жауапкершілік көзделгенін еске салады. Жағымсыз жағдайларды болдырмас үшін бұқаралық ақпарат құралдарына осындай мазмұндағы кез-келген хабарламаны бірнеше рет тексеру ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: