"Бессмертный полк" акциясына шақырушы әкімдердің видеолары фейк болып шықты

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (TSARKA) тағы бір жалған ақпарат тарап жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде жасанды зерде көмегімен жасалған облыс әкімдері мен басқа да шенеуніктердің бейнесін қамтитын шындыққа жанаспайтын видеолар табылды.
"Мұның бәрі 7 және 9 мамырдағы ақшалай сыйақы қарастырылған рұқсат етілмеген акцияларға ("Бесмертный полк", "референдум" және т.б.) қатысуды ұсынатын көптеген бот арқылы таратылуда".
Орталық әлеуметтік желілердегі деструктивті әрекеттер ықпалына берілмеуді және ақпаратты бір қайтара тексеруді ұсынады.
Бұрын дейін белгісіз біреу жасанды зерде көмегімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімін қаралаған. Тараған видеода қазақстандық телеарналардың бірінің логотипі тұр, ал әкім 9 мамырда Петропавлда қала тұрғындары мен өзінің қатысуымен "Бесмертый полк" акциясын өткізуді жоспарлап отырғандарын айтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript