СҚО әкімінің жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған сұхбаты тарауда

СҚО әкімінің жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған сұхбаты тарауда , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 12:26 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың жалған сұхбаты тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 17 сәуірде аймақ басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таратылатын бейнеде қазақстандық телеарналардың бірінің логотипі тұр, ал әкім 9 мамырда Петропавл қаласында қала тұрғындары мен әкімнің өзі қатысатын "Бессмертный полк" акциясын өткізу жоспарланғанын айтады.

Бұл ретте, бейненің жасанды интеллектпен жасалғандығы белгілі болды.

"Интернет пен әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған СҚО әкімінің баспасөз қызметінің жалған ақпараты мен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жалған видео таралуда. Аталған жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш берілді",- деп мәлімдеді әкімдік.

Сондай-ақ, ведомство қазақстандықтарды ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге шақырды.

Бұған дейін Жамбыл облысында балаларға арналған ондаған миллион бюджеттік теңге ұрланғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: