Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағандарға жаза тағайындалуы мүмкін

Есеп комитеті, бюджет қаражаты, әкімшілік жауапкершілік, бюджет Сурет: freepik
ҚР Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова бюджет ақшасын жұмсаумен байланысты қаржылық қылмыстарды тәртіптік теріс қылықтарға теңестіруді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біздің ойымызша, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыс жасауды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтарға теңестіру дұрыс болар еді. Бұл орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, басқа мақсаттарға пайдалану, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, дебиторлық қарызды негізсіз есептен шығару және т.б. Наталья Годунова

Есеп комитеті басшысының айтуынша, бұл заңнамалық нормалар мемлекеттік аудит қызметіне жақсы негіз болады, сондай-ақ бюджеттің әр теңгесін игеру нәтижесі қатаң сұралып, сол арқылы бюджетті жұмсау тиімділігін арттырады.

2021 жылы тиімсіз пайдаланылған 413 млрд теңге мемлекеттік ресурстар анықталды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, Бюджет кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр.

Әңгіме бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларының әкімшілік жауапкершілігін белгілеу туралы болып отыр.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз