Президент Есеп комитетіне тапсырма берді

Тоқаев пен Наталья Годунова, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 17:44 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сонымен қатар Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: