Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годуновамен кездесті

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 17:56 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Наталья Годунова президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.

Сонымен қатар ол Салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындыларын ұсынды.

Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: