Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годуновамен кездесті

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годуновамен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 12:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сонымен қатар "Қазсушар" РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы туралы мәлімет берді.

Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: