Алматыдағы автобустардың бірінің қозғалыс схемасы уақытша өзгереді

Левитан көшесінде кабель желілерін салу және қозғалыс жолағының жабылуына байланысты 2022 жылғы 21 және 22 маусымда № 123 бағыттың қозғалыс схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС cолтүстік бағыттағы қозғалыс кезінде - Розыбакиев көшесі - Ходжанов көшесі - Гагарин даңғылы - бұдан әрі схема бойынша өзгеретінін, оңтүстік бағытта жол жүрісі өзгеріссіз қалатынын нақтылады.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүрер жолдарыңызды алдын ала ойластырып алуларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.
Бөлісу
0
Толық оқу