Астанада кейбір маршрут бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Астанада кейбір маршрут бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2024 17:21 Сурет: Zakon.kz
21 ақпаннан 9 наурыз аралығында № 26, 27, 40 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

"City Transportation Systems" ЖШС хабарлайды:

Құрметті жолаушылар!

21 ақпаннан 9 наурыз аралығында №№ 26, 27, 40 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Қозғалыс сызбасының өзгеруі Тұран даңғылының Орынбор және Бағланова көшелерінің арасындағы учаскеде инженерлік желілерді салу бойынша авариялық жұмыстар жүргізілуінен, екі бағытта да көлік құралдарының қозғалысының жабылуына байланысты.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: