Алматы маңында үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді
Фото: Zakon.kz
Алматы көлік холдингінің мәліметінше, шектеулер республикалық маңызы бар Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск автожолының 19-шақырымындағы көпірдің жөнделуіне байланысты енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде автобустар айналма жолмен жүреді.
Солтүстік бағытта:
Жансүгіров көшесі → Алматы – Қорғас тасжолына бұрылу (батысқа қарай) → Қапшағай тасжолына бұрылу (солтүстікке қарай) → Междуреченск – Новоалексеевка тасжолына бұрылу → әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Кері бағытта:
Междуреченск – Новоалексеевка тасжолы (шығысқа қарай) → Қапшағай тасжолына бұрылу (оңтүстікке қарай) → Алматы – Қорғас тасжолына бұрылу (шығысқа қарай) → Жансүгіров көшесіне бұрылу (оңтүстікке қарай) → әрі қарай қолданыстағы бағыт бойынша.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді алдын ала ескеру сұралды.
Соңғы күндері Алматыдағы кейбір автобус бағыттарының қозғалысы кешігіп жатыр. Қалалық мобильділік басқармасы оның себебін түсіндіріп, жағдайдың қашан реттелетінін айтты.