Астанада 14 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Астанада 14 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 21:21 Сурет: Zakon.kz
Астанада 1 мамырдан бастап №7, 20, 24, 24Н, 31, 33, 34, 41, 47, 56, 57, 61, 84 және 503 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, CTS көлік компаниясының мәліметінше, 1 мамыр күні Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық касса жұмыс істемейді.

Касса 2 және 3 мамыр күндері қалыпты режимде – сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмысын қайта бастайды. Соңғы талон 17:45-те беріледі. Жексенбі – демалыс күні.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маршруттарын жоспарлау және кассаға бару кезінде осы ақпаратты қаперінде ұстауды ескертілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: