Байден Украинаның ЕО-ға кіру ықтималдылығы жайлы: Бұл әбден мүмкін нәрсе

Украина, ЕО Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ Президенті Джо Байден Украинаның Еуропалық Одаққа кіру ықтималдылығы жоғары деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ Президенті Рехобот Бич қаласында (Делавэр штаты) журналистермен болған әңгіме кезінде айтты, деп хабарлайды Bloomberg.

Менің ойымша, бұл әбден мүмкін нәрсе. АҚШ Президенті Джо Байден

Сондай-ақ, ол Украинаға сапары әлі жоспарланбағанын айтты.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ басшылығы Украинаға ЕО құрамына енуге үміткер ел мәртебесін беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Комиссия Еуропалық кеңеске Украинаға, бірінші - еуропалық перспективаны, екінші - үміткер ел мәртебесін беруді ұсынады. Әрине, мұның бәрі аталған мемлекет бірқатар маңызды реформаларды жүзеге асырады деген түсінікті білдіреді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз