Киевте болған Джо Байден еліне оралды
Бұл туралы РИА Новости АҚШ Президентінің баспасөз пулындағы журналистерге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Байден 20 ақпан, дүйсенбіде Киевке жоспардан тыс сапармен келді.
АҚШ пен Украина президенттерінің кездесуі жабық есік жағдайында өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, Зеленский бүгінгі келісімдер шайқас алаңына елеулі әсер ететінін айтты.
АҚШ Президенті Джо Байденнің Киевке бүгінгі сапарына деген дайындық шамамен бір аптаны қамтыды, деп жазады Politico Украина Үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
Дереккөздің айтуынша, украин тарапы Вашингтоннан Байденнің Киевке келуін көптен бері сұрап жүрген; аталған сапар Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак пен Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның байланыс арналары арқылы "өте қысқа мерзімде", "өте құпия жағдайда" дайындалған.
CNN Байденнің Air Force One ұшағы Мэриленд штатындағы Эндрюс бірлескен базасына "қараңғы уақытта" — Солтүстік Американың шығыс уақыты бойынша жексенбі күні таңғы сағат 4:14-те (Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де) көкке көтерілгенін хабарлайды. Борттағы тілшілерге өздерімен бірге жазу құрылғыларын алып жүруге рұқсат етілмегені де нақтыланады. Байденнің жанында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан, Ақ үй басшысының орынбасары Джен О ' Мэлли Диллон және президенттің жеке көмекшісі Энни Томасини болған.