Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде үш мыңнан астам отбасы газға төленетін ақысын үнемдеді

газ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 11:30 Сурет: pxhere
Қазақстанның газдандырылған өңірлері газды төмендетілген бағамен алады. Жеңілдетілген бағамен газ алатын тұтынушыларды қамтамасыз ету бойынша пилот жобаның алғашқы нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолданыстағы тарифтерді төмендету және АӘК және тұрғын үй көмегін алушылар үшін газға жеңілдікті бағаны белгілеу Қазақстанның газдандырылған өңірлерінде жүргізілді.

ҚР ЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың жеке тобын бөлгенде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын «тұрмыстық» тұтынушылар кіреді.

Пилот жобаны іске асыру шеңберінде Тараз және Орал қалаларында осы топтың азаматтары 2022 жылғы 1 сәуірден бастап тауарлық газды 20% жеңілдікті бағамен алады. Нәтижесінде үш мыңнан астам отбасы сәуір айындағы түбіртектерде газбен жабдықтау қызметтері бойынша үнемділікті сезінді.ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев

Оның айтуынша, ҚР ҰЭМ ТМР "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесін электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграциялау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Жұмыс қорытындысы бойынша әкімдіктердің қолдауымен Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын «тұрмыстық» тұтынушылар санатына жататын тұтынушылар үшін жеңілдікті газды енгізу тетігі елдің барлық газдандырылған өңірінде болады.ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев

2021 жылы Комитет табиғи монополиялар субъектілерінің 2020 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есебін қарады.

Монополияға қарсы орган Табиғи монополиялар субъектілерінің, оның ішінде тауарлық газды газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге міндеттемелердің орындалмауын анықтады. Газовик-монополистердің негізсіз табысы 2,04 млрд теңге болды.

Бірқатар өңірде тауарлық газға уақытша өтемдік тарифтер енгізілді, яғни тұтынушылар үшін тариф белгілі бір уақыт кезеңіне (1 жылға дейін) төмендетілді. Сонымен қатар комитет еліміздің барлық газдандырылған өңірі бойынша "ҚазТранГаз Аймақ" АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізді. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап тауарлық газдың түпкілікті бағасы республика бойынша орта есеппен 2,35% төмендеді.Тимур Қосымбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: