Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының екі ауданында 1 қарашаға дейін газ өшірілді

Алматының екі ауданында 1 қарашаға дейін газ өшірілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2023 16:22 Сурет: Zakon.kz
Тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Түрксіб ауданында жөндеу жасалып жатыр. Соған байланысты газ уақытша өшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрксіб ауданында №42 апатты газ құдығын ауыстыру жүргізіледі. Тұтынушыларға газды үздіксіз және апатсыз беру үшін Д-159 мм орта қысымды жерасты газ құбыры жөнделіп жатыр. Кассин мен Айбасов көшелерінің қиылысында қалпына келтіру жұмысы істеліп жатыр.

Еске салайық, 30 қазанда Түрксіб және Жетісу аудандары бойынша Рысқұлов – Жансүгіров – Омаров – Серіков – Құлагер ы/а-Сейфуллин-Ақан Сері – Бехтер-Достоевский-Лузин көшелеріндегі тұрғын үйлер мен нысандарға газ беру тоқтатылды.

"Іске қосу жұмысы 31 қазан басталып, газдан ажыратылғандардың көптігіне байланысты 1 қарашада аяқталады. Осыған байланысты, тұрғындардан "Интергаз Орталық Азия" АҚ МГҚБ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстар аяқталғанға дейін және іске қосу басталғанға дейін газ крандарын жабуды және ашпауды сұраймыз. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өйткені жұмыс Алматы қаласының газ жүйелерін апатсыз пайдалану үшін жасалып жатыр."ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: