Жаңалықтар тізбегі
0

Алкоголь өніміне акциздерден түсімдер екі еседей ұлғайды – МКК

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, акциз, алкоголь өнімдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 11:45 Сурет: pexels
5 айда Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін алкоголь өнімдеріне салынатын акциздерден түсімдер 38,7 млрд теңге болып, 1,8 есеге өсім берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, өткен жылы бес айда 21,9 млрд теңге түскен.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл өсімді салықтық тексерулер, құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іс-шаралар жүргізу арқылы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу сынды шаралармен байланыстырады.

Мәселен, жыл басынан бері айналымнан рұқсат құжаттары жоқ 829,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімі және есепке алу-бақылау маркалары айналымнан алынды. Акциздік бекеттерді күнделікті, жедел бақылау, өндіріс желілеріндегі бақылау есепке алу аспаптары және жазып берілген электрондық шот-фактуралар арқылы алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын қашықтықтан бақылау басымдыққа ие.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұдан бөлек, 1 сәуірінен бастап жұмыстан тыс (түнгі) уақытта заңсыз айналым өндірісін болдырмау үшін алкоголь өнімін өндіру желілерінде электр энергиясын есептеуіштер орнатылды.

Сонымен қатар акциздің өсуі алкоголь өнімінің өндірісі мен импорты көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ сыраға арналған акциз мөлшерлемесінің 1 литрге 57 теңгеден 79 теңгеге дейін және табиғи емес шараптарға 35 теңгеден 100% спирттің литріне 2 550 теңгеге дейін артуымен байланысты. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Комитет өкілдері қаңтар айынан бастап «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңмен коньяк пен брендиге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын реттеу енгізілгенін атап өтті. Сол бойынша оның 1 литрі 2 930 теңге болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: