Жаңалықтар тізбегі
0

400 миллиард теңгедей артық салық жиналды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 11:49 Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 5 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,8% орындалды. Бекітілген жоспар 5 894,2 млрд теңге болса, ол 398,9 млрд теңгеге асыра орындалып, 6 293,1 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәлімет бойынша, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда салықтық түсімдер 1,5 есеге немесе 2 145,3 млрд теңгеге көп түскен.

Оның ішінде:

  1. Республикалық бюджет 100,3% орындалды (жоспар бойынша 4 273,5 млрд.теңге, 10,8 млрд. теңгеге асыра орындалып, 4 284,3 млрд. теңге түсті), өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 686,9 млрд. теңгеге өсті.

  2. Жергілікті бюджет 123,9% орындалды (жоспар бойынша 1 620,7 млрд.теңге, 388,1 млрд. теңгеге асыра орындалып, 2 008,8 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,6% немесе 458,4 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 624,1 млрд. теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы 494,4 млрд. теңгеге немесе 2,2 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баждары бойынша 356,5 млрд. теңгеге немесе 2 есе, үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы 112,8 млрд. теңгеге немесе 37,8%-ға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 70,5 млрд. теңгеге немесе 35,0%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 66,6 млрд. теңгеге немесе 20,5%-ға өскені байқалады.

Комитеттегілердің мәлімдеуінше, түсімдердің өсуіне бірқатар фактор әсер етті.

2022 жылы 5 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1%, алюминийге 44,0%, мырышқа 37,9%, қорғасынға 12,6%, мысқа 10,1% және алтын 4,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0$, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында 1 тонна үшін – 86,0$).

Бес айда үшінші елдермен тауар айналымы 53,6%-ға өсті (экспорт 68,9%-ға, импорт 19,9%-ға өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 5 айда өткізу бойынша айналым 20,2%-ға ұлғайды (40 604 млрд. теңгеден 48 809 млрд. теңгеге дейін).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: