Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде салық жоспары 413 млрд теңгеге артық орындалды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық, мемлекеттік бюджет, салық түсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 16:43 Сурет: Zakon.kz
Жоспарлаған салық түсімі 9 228,2 млрд теңге болса, 412,7 млрд теңгеге асыра орындаумен 9 640,9 млрд теңге түсті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 104,5% орындалды.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің мәлімдеуінше, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 1,4 есе немесе 2 836,0 млрд теңгеге өсім бар.

Оның ішінде республикалық бюджет 101,1% орындалды, жоспар бойынша 6 487,5 млрд теңге болған, алайда 69,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 6 556,5 млрд. теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 1,5 есе немесе 2 123,0 млрд теңгеге өсті.

Жергілікті бюджет 112,5% орындалды (жоспар бойынша 2 740,7 млрд теңге, 343,7 млрд теңгеге асыра орындаумен 3 084,4 млрд теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,1% немесе 713,0 млрд теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп өскен сомасы корпоративті табыс салығы бойынша 747,0 млрд теңгеге немесе 1,7 есе, мұнайға салынатын экспорттық кеден баж бойынша 526,0 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 332,1 млрд теңгеге немесе 1,4 есе, үшінші елдерден импортқа ҚҚС 278,1 млрд теңгеге немесе 55,6%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 107,6 млрд теңгеге немесе 19,5%-ға және пайдалы қазбалар өндірісінің салығы 87,8 млрд теңгеге немесе 27,4%-ға байқалады.

МКК түсімдердің өсуіне қандай факторлар әсер еткенін атап өтті.

2022 жылы 8 айда өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 60,3%, мырышқа 29,5%, алюминийге 25,3%, қорғасынға 2,7%, алтын 2,1% және мысқа 0,9% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 50,5%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 8 айында – 59,4$, 2022 жылғы 8 айында 1 тонна үшін – 89,4$).

Осы жылғы 8 айда үшінші елдермен тауар айналымы 47,5%-ға өсті (экспорт 57,4%-ға, импорт 25,5%-ға өсті).

Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 8 айда өткізу бойынша айналым 29,9%-ға (71 571 млрд. теңгеден 92 978 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

2022 жылғы 8 айда ЭШФ деректері бойынша ойын-сауық және демалыс 46,4%-ға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 35,9%-ға, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 34,1%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 30,4%-ға және ақпарат және байланыс 29,6%-ға өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: