Жаңалықтар тізбегі
0

Қай өңірдің тұрғындары алкоголь өнімдері мен темекіге көп ақша жұмсайды

Тұтыныс пен шығыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 17:11 Сурет: pixabay
Қазақстандықтардың алкоголь мен темекі өнімдеріне қанша ақша жұмсайтыны белгілі болды. ШҚО алкоголь өнімдерін тұтыну бойынша көшбасшы болса, ал темекі өнімдерін Павлодар облысының тұрғындары көп сатып алады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Data HUB Telegram арнасының мәліметінше, республикамздың солтүстік шығысында тұратын азаматтар алкоголь өнімдері мен темекіге көп ақша жұмсайды.

- Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылдың III тоқсанында әрбір тұрғын алкоголь өнімдеріне 3 230 теңгесін жұмсаған, бұл - орташа республикалық деңгейден 2,4 есе көп көрсеткіш, ал темекіге 7 482 теңгесі кеткен (еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есе көп);

- Павлодар облысында алкоголь өнімдері шығынын әрбір тұрғынға шаққанда 3 05 2 теңге, ал темекіге кететіні 8 957 теңгені құрады;

- Солтүстік Қазақстан облысында аталған сәйкес көрсеткіштер 2 772 теңге және 7 631 теңгеге сай келеді. 

Ал Маңғыстау облысының тұрғындары жаман әдеттерден әлдеқайда бойын аулақ ұстайтыны байқалады. Орташа есеппен әрбір тұрғын алкоголь өніміне тоқсанына 151 теңге (шамамен 3 айда бір рет сыра банкісін сатып алады), ал темекіге 694 теңге (айына бір қорабын) жұмсайды.

Республикамыз бойынша орташа есеппен адам басына шаққанда алкоголь өнімдеріне жұмсалған шығын 1 351 теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы шілде мен қыркүйек аралығында тіркелген көрсеткіштен 3,2%-ға аз. Ал темекіге жұмсалатын шығындар өсу үстінде: бір адамға тоқсанына 3415 теңгеден келеді, бұл - бір жыл бұрынғы деңгейден 10%-ға артық көрсеткіш.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: