Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның қай өңірі балықты көп жейді

балық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 11:15 Сурет: pixabay
2021 жылы бір қазақстандықтың балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа мөлшері 14,8 келі болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінгі жылдары еліміз бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары балық пен теңіз өнімдерін ең көп тұтынған. Орта есеппен бір адам жылына 22,3 келі балық жеген. Бұл туралы Energyprom.kz агенттігі жазды.

Балық пен теңіз өнімдерін тұтыну бойынша алғашқы үштікке Қостанай (21,6 келі) және Шығыс Қазақстан (19,3 келі) облыстары да кірді.

Ал балық пен теңіз өнімдерін ең аз тұтынған өңірлер – Шымкент (4,6 келі) және Маңғыстау облысы (9,6 келі).

2021 жылғы балық және акваөсіру саласында өнім мен қызмет көрсету көлемі 14,3 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 12,1%-ға артық.

2021 жылы 49 мың тоннаға жуық балық және басқа да су жануарлары ауланды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,7%-ға артық.

Жыл ішінде балықтың құны айтарлықтай өсті. 2022 жылдың наурыз айының соңында жаңа піскен немесе салқындатылған балық бағасы 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 11,2%-ға, мұздатылған балық 9,1%-ға, ал өңделген және консервіленген балық бір жылда 15,5%-ға қымбаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: