Шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 19 бала суға кетті

ҚР ТЖМ, шомылу маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 14:59 Сурет: pixabay
1 маусымда Қазақстанда шомылу маусымы басталды. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі брифингте қайғылы жағдайлар бойынша статистика ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Cудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адам өлімі фактілері тіркелді: 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмаған бала суға кетті. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға кетті, оның ішінде 19-ы бала.

Министрлік өкілі атап өткендей, қаза болудың негізгі себептері: жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.

Қайтыс болғандар статистикасы мынандай:

  • су айдынына абайсызда құлау – 32 адам;

  • жүзе алмаудан – 18 адам;

  • мас күйінде шомылудан – 11 адам;

  • балық аулау кезінде ережелерді бұзудан – 10 адам;

  • өз күштерін жете бағаламаудан – 9 адам;

  • жүзу құралын дұрыс пайдаланбаудан – 1 адам.

    Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қорғау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:

  • балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз;

  • бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;

  • масаң күйде шомылмаңыз;

  • жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз;

  • шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;

  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;

  • жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;

  • қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: