Қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квота қарашаға дейін ұзартылды

ҚР үкіметі, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі, қант, баж, квота Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен ЕЭК Кеңесінің кезектен тыс отырысында ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квотаны 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзарту туралы ұсыныс қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың молырақ жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

Ол қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталатыны атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келісім сөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз