Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қант импортына бөлінетін квота 100 мың тоннаға дейін өсті

Қант Сурет: pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен елге қант импортына арналған квотаны 250-ден 350 мың тоннаға дейін ұлғайту белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар осы бұйрықпен қант квотасы 2022 жылдың 31 қазанын қоса алғанда ұзартылды. Оған қоса қант импортына квоталарды бөлу тәртібі өзгертілді.

Құжатқа сай, квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдер қабылданады:

бөлінген квотадан 85% мөлшерінде – өтiнiш берушiлер-қант зауыттары арасында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған шикі құрақ қантты және тек қана iшкi нарықта сатуға арналған ақ қантты импорттау үшiн;

бөлінген квотадан 15% мөлшерінде – өтініш берушілер арасында құрамында қант бар өнімдерді өндіруге арналған ақ қанттың («қосымша» санаты) импорты үшін.

Бір өтініш беруші қант зауытына 30 000 тоннадан аспайтын лимит белгіленді.

Қант импортына квоталарды алған өтініш берушілер 2022 жылғы 14 шілдеге дейін уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растау хатын жібереді. Келісімшарт құнының кемінде 15%-ын төлеуге төлем құжатының көшірмесі болмаған жағдайда уәкілетті орган бұрын бөлінген квотаны жояды, – делінген бұйрықта.

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 20 желтоқсанда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз