Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетін басқарады

Нариман Төреғалиев жаңа қызметке тағайындалды Сурет: Zakon.kz
Сенаторлар депутат Нариман Төреғалиевті Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағалығына сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын депутат Нұртөре Жүсіп ұсынды.

Ол Нариман Төреғалиевтің еңбек жолын совхоз жұмысшысы болып бастағанын, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша бітіргенін айтты. БҚО-ның бірқатар шаруашылықтарында еңбек етіп, Теректі, Ақжайық аудандарында басшылық қызметтер атқарды, Орал қаласының әкімі болды. 2017 жылы алтыншы сайланған Парламент Сенатының депутаты, Сенат Тұрақты комитетінің хатшысы болып сайланды.

Нариман Төреғалиевті іскер ұйымдастырушы, мақсатты басшы, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әлеуметтік-мәдени, ғылыми салаларға қатысты мәселелерді жақсы біледі, білімді, білікті, ұстамды. Қолдауыңызды өтінемін. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз