Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да су қоймасынан тырысқақ бактериясы табылды

Батыс Қазақстан облысы, тырысқақ бактериясы, тырысқақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2022 09:01 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында су қоймаларынан алынған сынамадан тырысқақ тәріздес вибрион табылды. Ауру лас судан таралатынын айтқан эпидемиологтар шомылған кезде суды жұтып қоймауға және жеке бас гигиенасын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс тұрғындарынан тырысқақ анықталған жоқ, деп жазды ktk.kz.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев жыл сайын өткір ішек жұқпалары өршитін кезеңде, мамырдан бастап қазан айына дейін ашық сулардан тырысқақ вибрионына сынама алынатынын айтты.

Тырысқақ вибриондары патогенді және патогенді емес болып бөлінеді, барлығы 150-дей түрі бар. Мамыр айынан бастап алынған 73 сынаманың 14-інен патогенді емес тырысқақ тәріздес Vibrio cholerae non O1 табылды. Қазіргі кезде қауіпті дерттің алдын алу мақсатында күн сайын мониоринг жүргізілуде. Сонымен қатар адамдар өзен-көлде шомылған кезде суды жұтып қоймай, байқау керек. Ауру ластанған судан таралады. Ең бастысы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей,
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: