Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық жекпе-жек шебері UFC-де Жұмағұловты ұтқан спортшыны тізе бүктірді

UFC, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2022 09:23 Сурет: Instagram/ufc
Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол бразилиялық Раулиан Пайвамен бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу үш раундқа созылды. 

MMA Junkie сарапшыларының пікірінше, бірінші раундта бразилиялық мықты болды. Алайда қалған екі раундта Морозов басым түсті. Төрешілер есебінде де осы ескерілді: үш арбитр да жеңісті 29:28 есебімен қазақстандыққа берді. 

Осылайша, Сергей Морозов карьерасында 18-рет жеңіске жетті, одан бөлек бес жеңілісі бар. UFC-де екі рет жеңіп, екі мәрте жеңілген.

Ал Пайваның рекордында 21 жеңіс пен бес жеңіліс бар. Пайва бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген еді. 

33 жастағы Ақтөбе тумасы үшін бұл UFC аясындағы төртінші жекпе-жегі.

Осы турнирде Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрланбек америкалық Ти Джей Браунмен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрланбектің жеңісімен аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: