Алматыда екі қабатты кафе өртеніп жатыр – жедел штаб құрылды

Алматы, Алатау ауданы, өрт, кафе, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 09:02 Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Алматыда екі қабатты кафе өртеніп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы Ақбұлақ ықшам ауданы Бәйтереков көшесі,13 мекенжайында орналасқан екі қабатты «Терраса» дәмханасының өртін сөндіріп жатыр. Жедел штаб құрылды. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны сыртқа шығарылғанын атап өтті.

Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: