Алматыда көшелерді су басуына байланысты мәселені жою бойынша жедел штаб құрылды
Қатты жауын-шашын болатындығы туралы дауылды ескертуден кейін аудандық әкімдіктердің, коммуналдық қызметтердің, 109 құтқару қызметінің, АҚК-ның мердігерлік ұйымдарының күші аяғынан тік тұрғызылып, құралдары даяр етілді, сондай-ақ инертті материалдар дайындалды. "Қазселденқорғау" ММ бақылау бекеттерінде бақылау күшейтілді. Алматы ТЖД-да кейбір аумақты су басуына байланысты туындаған мәселені жоюды үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ведомствода атап өткендей, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, "112" желісіне көп қабатты үйлердің аулалары мен жертөлелерін су басуға қатысты 40-тан астам хабарлама келіп түсті.
Мәселен, Жетісу ауданында Жангелдин, Брюсов, Зубарев, Крылов көшелері бойындағы су басқан учаскелер бақылауға алынды. Мердігерлік ұйымдардың күшімен инертті материалдары бар қаптар төселді.
Сонымен қатар, мегаполистің келесі аудандарында су басқан учаскелерде жұмыстар жүргізіліп жатыр:
Алатау ауданында - Райымбек даңғылы 397-үй, Бейсекбаев көшесі 17-үй мекендайындағы жеке тұрғын үйдің ауласы мен жертөлесін су басқан. Әйгерім-2 ықшам ауданында Сапива көшесі, Бейсекбаев көшесі, Кудерин көшесі, Шапағат ықшам ауданында Талбесік көшесі бойынша су сору жұмыстары жүргізілуде;
Алмалы ауданында - Райымбек даңғылы бойынша 206 үй, 234 үй, Айтиев көшесі, Аносов көшесі, Қарасай батыр көшесі 315 үй, Мұқанов көшесі 77 үй;
Әуезов ауданында - Жетісу-3 ықшам ауданы 54 үй, Ақсай-3 ықшам ауданы 10 үй, Таугүл-3 ықшам ауданы, Цветочная көшесі, Терме көшесі 25 үй;
Бостандық ауданында - әл-Фараби даңғылы мен Ремизовка қилысындағы жер асты өткелін су басты, сонымен қатар Сырғабеков көшесі, "Алма" ТК, Шолом-Алейхем көшесі, №5 мекенжайдағы су басқан көпқабатты үйдің жертөлесінде жұмыстар жүргізілді;
Жетісу ауданында - Столетов көшесі, Бөкейханов көшесі, Казаков көшесі, Боткин көшесі, Черкасская көшесі, Герцен көшесі;
Медеу ауданында - Латиф Хамиди көшесі, әл-Фараби даңғылы, Достық, Назарбаев көшелері;
Наурызбай ауданында - Қалқаман-2 ықшам ауданы, Әшімов көшесі, 79 үй, Наурыз ықшам ауданы;
Түрксіб ауданында Арал көшесіндегі су тасқыны туралы ақпарат расталмады.
Сонымен қатар, "109" пультіне құлаған ағаштар мен сынған бұтақтарға байланысты 23 өтінім келіп түсті. Сағат 18: 30-да құтқару қызметі 12 шақыртуды пысықтады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Алматыда 11 мамырда қатты жаңбыр жауды. Қаладағы көшелер біртіндеп көлшікке айналады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде де оңтүстік астанада қатты жаңбыр жауады.