Маңғыстаулық азаматтар сирек кездесетін жануарды көлікпен қуды

итаюды қуды Сурет: pixabay
Қазнетте Маңғыстауда итаюдың артынан қуып бара жатқан жүргізушінің видеосы жарияланды деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуғын нәтижесінде аң зардап шекті ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кадр сыртындағы әңгімеге қарағанда, жүргізушілер жолда қандай аң кездестіргенін білгісі келген, деп жазады turkystan.kz.

Итаюдың сыртқы келбеті борсыққа, ал қылығы күзенге ұқсас. Ол – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін олар тек бұрынғы КСРО аумағында Түркіменстанда өмір сүрді деп есептелген. Қазақстан аумағында оны алғаш рет зоолог А.Н. Коринфский ашқан. 1964 жылдан бастап Маңғыстау облысының аумағында тұрақты түрде зерттеулер жүргізген ол итаюды 1983 жылы ғана кездестірген.

Итаю еліміздің териофаунасына кіреді. Өте сирек кездесетін түр, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, мәртебесі – I санат. Негізгі жауы – қасқырлар мен иттер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз