Жаңалықтар тізбегі
0

800 мұғалім өтініш берді: арнайы бағдарламаға құжат тапсыру жалғасып жатыр

мұғалім, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 10:40 Сурет: pixabay
Елімізде кадр тапшы өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген еді. Атап айтқанда Мұндай мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы.

Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығын өтеу қарастырылған.

Арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады.

Алғашқы аптада педагогтерден 800-ден астам өтініш түсті. Қажет құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпараттық ресурстарында орналастырылған. Жалақыға қосылған үстемеақыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Сонымен қатар арнайы бағдарлама бойынша төрт облыстың біріне қоныс аударған педагогтің балаларына балабақша мен орта мектептерден орын беріледі. Сонымен қатар конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады, – деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Байқауға қатысу үшін өтінішті облыстың білім басқармасына беруге болады. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сонымен қатар оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлегi қатыса алады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу, сонымен қатар әңгімелесу. Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер форматында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Ол еліміздің 17 аймағындағы НЗМ базасында жүзеге асырылады. Негізгі пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, ал эссе көлемі 350 сөз.

Құжаттарды қабылдау туралы қосымша ақпаратты өңірлердегі Call-орталық мамандары мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сайтынан алуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: