Жаңалықтар тізбегі
0

Есмағамбетова Pfizer-дың жарамдылық мерзімінің ұзартылуына қатысты түсінік берді

Жарамдылық мерзімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 20:54 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі-Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Pfizer-дың жарамдылық мерзімін ұзартуға қатысты Zakon.kz-ға түсініктеме берді. Қоғам бұл ақпаратты теріс қабылдап, оны ДСМ-нің КВИ-ге қарсы ревакцинация науқанын жандандыру ниетімен байланыстырады.

Есмағамбетова өз сөзінде елімізде коронавирусқа шалдығушылардың өсімі байқалып отырғанын айта келе, "коронавирус ешқайда кетпегенін және бұл, негізінен, күткен нәрсе екенін де" қоса кетті.

Вирус айналымда болды, қазір де бар және бола да береді. Бірақ дәл қазіргі ауру өсімінің көрсеткіші біз үшін соншалықты қауіпті емес, өйткені біз тәулігіне 16 мың инфекцияға шалдығушылар тіркелгенде де оған төтеп бердік. Бірақ, әрине, қазір бұл жағдайды бақылап отырмыз, эпиджағдайға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қазір біздің міндетіміз – ортада бар ұжымдық иммунитеттің деңгейін ұстап тұру үшін ревакцинация жөніндегі шараларды күшейту. Айжан Есмағамбетова

Сонымен қатар ол коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді.

Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің тапқан ноу-хауы емес. Бұлай десек, мүлдем дұрыс емес. Ковидке қарсы қолданылатын барлық вакциналар төтенше жағдайда шұғыл түрде қолданылатын вакциналар болып табылады. Бұл ДДСҰ-ның талабы. Ковидке қарсы вакциналар - жаңа вакциналар, яғни оларда 100 жыл қолданатын вакциналар сияқты уақыт бойынша белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ. Мысалы, сіреспе, көкжөтел, дифтерия және басқаларға қарсы бірдей вакцина қолданылады. Ғалымдар вакцинаның тұрақтылығын зерттеуді жалғастыруда, олар сәйкесінше сақтау мерзімін де ұзартып отырады. Айжан Есмағамбетова

Ол бастапқыда КВИ-ге қарсы Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі алты айды құрағанын, бірақ содан кейін ол тоғыз айға дейін және қазір 12 айға дейін с ұзартылғанын еске салды.

АҚШ-та, егер қателеспесем, Еуропада Pfizer-ді сәуір айында тоғыздан 12 айға дейін ұзартты. Сонымен қатар, біздің сарапшылар ДДСҰ сайтына кіріп, "тіркеу құжаттарына өзгерістер енген-енбегенін" тексерді. Бұл қалыпты және түсінікті дүние. Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында өндірушіден Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі тоғыз айдан 12 айға дейін ұзартылатындығы туралы ресми хат алды. Осы деректердің негізінде фарммедбақылау комитеті нұсқаулыққа өзгерістер енгізді және вакцинаның жарамдылық мерзімі, егер ол тиісті жағдайларда сақталса, 12 айға дейін ұзартылады. Айжан Есмағамбетова

Есмағамбетова Pfizer үшін қажетті жағдай - минус 90, сондай кезде ол бір жыл сақталатынын атап өтті.

Егер ол -20-ға ауыстырылып, содан кейін -90-ға қайта оралса, онда сол жарамдылық мерзімі сақталады. Егер ол +8-ге ауыстырылса, онда сөзсіз, ол тек бір айға ғана жарайды. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері

Сонымен қатар, Есмағамбетова аталған вакцинаның жарамдылық мерзімін ұзарту мен аурушаңдықтың ресми өсімі арасында КВИ-ға қарсы ревакцинация науқанымен ешқандай байланыс жоқ екенін мәлімдеді.

Мұны фейк дейміз. Әлдекімдерге керек шығар, ал ДСМ ауру көрсеткішінің артқанына еш мүдделі емес. Екіншіден, жаңа ғана айтып өткенімдей, аурудың өсімінің 100 жағдайы деген, иә өсім, бірақ 100 жағдай қатты қауіпті емес, біздің тәулігіне 16 мың КВИ жағдайына төтеп берген күніміз болған. Бірақ күн сайын орташа есеппен тәулігіне 15-18 мың адам ревакцинация алады. Бізде сәуір, мамыр, маусым айларында солай болды, орташа есеппен 15-17 мың адам ревакцинациядан өтті. Енді өзіңіз ойлаңызшы, логикалық тұрғыдан алатын болсақ, сәуір айында ауру оқшауланған жағдайларға дейін төмендеді, мамырда да тыныштық, маусым айында біз кенеттен вакцинаны қолдануды шешеді екннбіз. Не үшін? Ол бізде онсыз да қолданылып жатыр емес пе? Қазақстанның бас санитарлық дәрігері
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: