Өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

алаяқтар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 16:38 Сурет: Zakon.kz
Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған үш күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі – тонау үшін бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғыны.

Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындап, алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол несие ресімдеді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы 2-бөлігі бойынша осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: