Футболдан Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы ҚПЛ-2022 кестесінде де көш бастап тұр

Ақтөбе Сурет: Instagram/fcaktobe_official
Қазақстанның белді футбол клубтарының бірі "Ақтөбе" маусымның басында жарияланған болжамға сай өзін ақтап келеді. Болжамға сәйкес, бұл команданың Премьер-лига командалары арасындағы чемпионаттың медаліне үміткерлердің бірі ретінде аты аталған , деп хабарлайды Zakon.kz.

Батысқазақстандықтар кезекті турда сырт алаңда қарағандылық "Шахтерді" - 3:2 есебімен ұтып, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. 14 ойыннан кейін олардың еншісінде 26 ұпай бар. "Ақтөбеге" 82-ші минутта француз легионері Уго Видемонттың соққан әдемі голы жеңіс әкелді.

16-турдың бастапқы матчында Түркістаннан келген "Тұран" командасы Қазақстан чемпионы - қостанайлық "Тобылмен" бақ сынасты. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

"Атырау" өз алаңында "Таразды" қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті, ал "Ордабасы" 12-ші турдың кейінге қалдырылған матчы аясында павлодарлық "Ақсумен" өнер көрсетіп, 3:0 есебімен басым түсті.

16-шы турдың қалған кездесулері 3-4 шілдеде өтеді, бұл кезде мына командалар өзара бақ сынайды:

  • "Астана" - "Мақтаарал"

  • "Қайрат" - "Ақжайық"

  • "Ақсу" - "Қызыл-Жар"

  • "Ордабасы" - "Каспий"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз