ҚПЛ-2023: Қазақстан чемпионатында үш команда суырылып, үздіктер қатарына шықты
Екінші тур "Жетісу" мен "Астана" футбол клубтарының кездесуімен басталды.
Еліміздің қазіргі чемпионы Алматы облысының футболшыларын 2:0 есебімен ұтып кетті.
"Астана Арена" стадионында Қарағандының "Шахтері" "Ордабасынан" 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Ойынның 3-ші минутта "Ордабасы" ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев есеп ашты, содан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген басымдықты екі еселеді.
Одан кейін "Ордабасы" еншісіне соғылған доптың авторлары легионерлер болды. 67-минутта Мамаду Мбоджи осы кездесудегі үшінші допты қақпаға салды.
12 минуттан кейін Шохбоз Омаров аталған ойынның нүктесін қойды. Есеп: 4: 1. Шахтер командасына жалғыз ұпайды Айдос Тәттібаев рәсімдеді.
"Ақтөбе" өз алаңында Көкшетаудың "Оқжетпесін" қабылдап, 5:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Екі голды КПЛ-2023 чемпионатының үздік бомбардирлері тізімінің көшбасшысы атанған Алексей Самородов салды. Батысқазақстандықтар құрамында Әлібек Қасым, Ыдырыс Умаев және Ескендір Қырбай бір-бірден гол соқты.
Екінші турдың қалған үш матчы 10 наурызда өтеді. Алда "Каспий" – "Тобыл", "Атырау" – "Қайсар" және "Қызылжар" – "Мақтаарал" командалары кездесіп, өзара бақ сынасады.