ШҚО-дағы демалыс кешендеріндегі өртке қатысты тергеу амалдары қолға алынды

Алакөлдің жағалауындағы төрт демалыс орыны аумағындағы өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің шығу себебін зертхана мамандары анықтайды.
Өрт салдарынан мынандай нысандар зардап шекті:
Керуен демалыс орнында - екі корпус, бір кір жуатын орын, жеті коттедж;
Әйгерім демалыс орнында - төрт үй;
Жібек Жолы демалыс орыны аумағында – бір үй, бір монша, бір дәретхана;
Әлихан демалыс орнында - сегіз ғимарат, бір асхана.
Оқыс оқиға 4 шілдеде орын алды. Алдын ала есептеулер бойынша, ота оранған аумақ 3 мың шаршы метрді құрайды.
Бөлісу
0
Толық оқу