Жаңалықтар тізбегі
0

Almaty TV Қазақстандағы міндетті телеарналар тізіміне енді

Рейтинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 20:37 Сурет: Almaty.tv
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс қорытындысы бойынша жалпыұлттық хабар таратушы телекомпаниялардың тізімін жариялады. «Алматы» телеарнасы Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетілуге міндетті арналар тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Телеарна 1999 жылдан бері істеп келеді. Арна еліміздің барлық өңіріне хабар таратты. Көрерменіне ақпараттық, сараптама, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын, көркем және деректі фильмдерді, сондай-ақ арна түсірген сериалдарды ұсынды.

«Алматы» телеарнасы интернет-платформалар арқылы да өз контентін белсенді насихаттайды. Тек бір ғана YouTube-тегі «Almaty TV» арнасына миллионға жуық көрермен жазылған.

Рейтингтерге сәйкес, Almaty TV тек қала тұрғындары ғана емес, еліміздің барлық өңірінен келген көрерменнің көңілінен шығады.  Олардың сұранысын қанағаттандыра отырып, телеарна эфир кестесін оңтайландырып, жаңа бағдарламалар мен жобаларды түсіріп, көрермен қатарын көбейтуді жалғастырып келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: