Қазақстандағы 34 университет Еуропа мен Орта Азиядағы үздік ЖОО тізіміне енді
![ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2021 12:45](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-04261ef2-b026-4a39-8bd2-78bf3da98c25/800x451.webp)
Рейтинг Еуропа мен Орта Азия елдерінің үздік жоғары оқу орындары туралы ақпаратты қамтиды. ТОП-100 құрамына 7 отандық университет енді.
Көшбасшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.
Өткен жылмен салыстырғанда университет 3 позицияға жоғарылап, рейтингте Стамбул техникалық университеті (Түркия), Вильнюс университеті (Литва) және басқа да шетелдік университеттерді басып озып, 16-орынға ие болды.
ҚазҰУ-дан кейін рейтингте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көш бастап тұр. Ол халықаралық рейтингтте 42-ші орнынға жайғасты.
Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында Satbayev University үшінші орында. Өңірлік жоғары оқу орындары арасында ТОП-100 қатарына М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті енді.