Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы 16 университет әлемдегі ең беделді ЖОО рейтингтерінің біріне енді

ҚазҰУ, университет, студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 14:39 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне енген Қазақстан оқу орындарының саны кейінгі 3 жылда екі есеге өсті: 2018 жылы рейтингте 8 отандық ЖОО болса, 2021 жылы 14 жоғары оқу орны енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғаш рет отандық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік 150 университетінің қатарына енді. Университет бір жылда көрсеткіштерін жақсартып, 175-орыннан бірден 25 позицияға көтерілді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 51 сатыға көтеріліп, алғаш рет ТОП-300-дің қатарына кіріп, осылайша ЖОО 277-орыннан көрінді.

Satbayev University шамамен 100 позицияға көтеріліп, QS WUR рейтингінің 405-орнын алды.

Сонымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті де өз жұмысын айтарлықтай нығайтты.

Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізімін Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті толықтырды.

Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times higher education рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Екеуі де – беделді рейтинг. Осының барлығы – қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі. Әлемдік рейтингтерде көтерілу қазақстанда білім сапасының жақсарғанын және университеттердің жоғары мәртебесін көрсетеді, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.

Отандық университеттер үшін ең басты критерийлердің бірі – академиялық бедел мен жұмыс берушілер арасындағы бедел. Сонымен қатар университеттердің ғылыми ынтымақтастық пен жаһандық жетістіктері де ескеріледі.

Айта кетейік, QS WUR (Quacquarelli Symonds World University Rankings) әлемнің үздік университеттерінің тізімі 2004 жылдан бері жарияланып келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: