Ақтөбе әуежайын басып алғандарға қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алды деп айыпталғандарға үкім шықты. Үш адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе қаласының № 2 соты қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе қаласының әуежайына шабуыл жасады және оны басып алды деген айыппен Ж., Ш және К - ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Ж., Ш және К 2022 жылғы 5 қаңтарда жылы сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық акциясына қатысушыларды қолдау үшін әуежайға барып, оның басшысына келушілердің кіруіне және шығуына, сондай-ақ әуежай ғимараты мен үй-жайларының бүлінуіне қауіп төндіретінің айтып, барлық бағыттар бойынша рейстерді тоқтатты, салдарынан «Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ-на жалпы сомасы 1 672 250 теңге материалдық шығын келтіріліп, бүгінгі таңда толық көлемде өтелді.Ақтөбе облыстық соты
Сот Ж., Ш., К-ны ҚК-нің 269-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript