Қазақстанға циклон қалай әсер етеді – ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК, Шарын шатқалы, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 16:01 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстік циклон елдің басым бөлігінде ықпалын сақтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік циклон мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады, орталықта, күндіз солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.«Қазгидромет» РМК

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +27+29°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады.  Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С болады.                 

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.                     

                                                                                                     

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: