Синоптиктер 29 желтоқсанда циклон Қазақстанға қандай ауа райы әкелетінін айтты
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.
"Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. "Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болжанды, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14°С, күндіз -8-10°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +1+3°С болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +6+8°С болады.