Синоптиктер 14 желтоқсанда Қазақстанның қай өңірінде бұрқасын болатынын айтты

Ауа райы болжамы, бұрқасын, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 15:29 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2022 жылғы 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер ететіндіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, тек республиканың шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды айырықтың өтуімен бұрқасынмен бірге қар жауады, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте және оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: