Синоптиктер 13 желтоқсанда Қазақстанның қай өңірін тұман басатынын айтты

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 16:14 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2022 жылғы13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады.

Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -8...-10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -1...-3°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз +1...+3°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: