6 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 15:06 Сурет: pixabay
Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстік циклон еліміздің барлық дерлік аумағына әсер етіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, дауыл күтіледі, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болады. «Қазгидромет» РМК

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.             

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан күші 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, екпіні 13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +32+34°С болады.

                                                                                                                          

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: