Аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр: 13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 16:59 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел соғады, тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С ыстық.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз өте ыстық +35+37°C.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +40+42°С ыстық болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: