Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жолдағы кикілжіңнің арты жаппай төбелеске ұласты

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 23:32 Сурет: Instagram/kris_p_press
Алматылық әлеуметтік желіде жолда соқтығысқан екі көліктегі жолаушылардың қып-қызыл төбелесінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болған оқиға сол маңдағы тоқтап тұрған көліктердің бірінің бейнетіркегішіне түскен.

Аталған оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді.

Алматы қаласы ПД өкілінің айтуынша, аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.

Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл істі тергеумен айналысады. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: