Алматыда жігіт пен қыздың арасындағы жанжал соңы жаппай төбелеске ұласты

Жанжал арты төбелеске ұласты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 13:26 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешеніндегі жаппай төбелестің видеосы тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Төбелес 30 қазан күні сағат 9:00 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал таныс жастар арасында болған. Оған себеп - жігіттердің бірі мен оның сүйіктісінің арасындағы жанжал.

Төбелеске қатысушылар ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

19 қыркүйекте Алматыда студенттердің жаппай төбелесі болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: