Полицейлер Астана LRT маңында құрылысшылардың жаппай төбелесіне қатысты түсініктеме берді
Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Astana LRT ғимаратының маңында құрылысшылардың жаппай төбелесі түсірілген видео тарай бастады. Полиция оқиғаның 16 тамыз күні болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде Astana LRT ғимаратының маңында құрылысшылар арасындағы төбелестің видеосы анықталған. Оқиға 16 тамыз күні болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 293 бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
22 тамыз күні елордада түнде дәмхананың жанында төбелес болды. Бір адам зардап шекті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript