Алматыда ер адамдар жолда төбелесіп қалды
Сурет: unsplash
Әлеуметтік желіде жолда төбелесіп жатқан екі ер адамның видеосы пайда болды. Төбелес алдында жол оқиғасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Telegram-арнасында жанжалға түскен тараптардың анықталғанын жазды.
Құқық бұзушының әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинауды және бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды. Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов
Оның атап өтуінше, тексерудің барысы мен қорытындысы қалалық полиция департаментінде бақылауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript