Таразды басқан зауыттың қою түтініне қатысты қала әкімдігі түсінік берді

Экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 23:43 Сурет: pixabay
Тараз қаласының әкімдігі "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының күкірт қышқылы цехынан тараған түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы 11 шілдеде сағат 20.00-де "Қазфосфат" ЖШС минералдық тыңайтқыштар зауытының күкірт қышқылы цехында абсорбердің моногидратты сорғысы істен шықты. Салдарынан ең жоғары концентрациясы 1% S03 аспайтын, шығарынды газдың қысқа мерзімді бөлінісі (күкірт триоксиді) орын алды. Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ қала әкімдігі ауаға тараған бұл концентрация адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер етпейтінін хабарлады.

Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сену сұралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: